08 сәуірде Қазақстан қор биржасында Түркістан облысының әкімдігі өзінің KZMJ00000735 (TKK024_073) екі жылдық облигацияларын орналастырып, 6,0 млрд теңге қаржы тартты

08.04.20 19:34
/KASE, 08.04.20/ – Бүгін, Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Түркістан облысының жергілікті атқарушы органы KZMJ00000735 (TKK024_073) мемлекеттік облигацияларын орналастыру бойынша төменде берілген шарттар бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі деп хабарлайды. Сауда-саттықта эмитент KZMJ00000735 (TKK024_073) екі жылдық 6 000 000 облигацияларын 1 000 теңге номиналмен және өтеу мерзімі 2 жылға (720 күн) дейнігі мерзімде орналастыруды жоспарлады . орналастыру нәтижесі бойынша эмитент 6,0 млрд теңге тартты. Аталмыш облигациялар мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаны жүзеге асыру аясында тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға арнап шығарылған. Бұрын "Түркістан облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00000735 (TKK024_073) 6 000 000 облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі " тақырыбындағы KASE жаңалығы – https://kase.kz/ru/news/show/1428270/ жарияланған. Аталмыш облигациялар шығарылымы туралы толық ақпарат ttps://kase.kz/ru/gsecs/show/TKK024_073/ мекен-жайында жарияланған. [2020-04-08]