09 сәуірден бастап "Қазақстан халық жинақ банкі" АҚ KZ2C00002855 (HSBKb18) және KZ2C00003077 (HSBKb19) облигацияларының биржадағы сауда-саттықтары қайта басталады

08.04.20 19:29
/KASE, 08.04.20/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2020 жылдың 09 сәуірінен бастап "Қазақстан халық жинақ банкі" АҚ (Алматы) KZ2C00002855 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "облигациялар" санаты, HSBKb18) және KZ2C00003077 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "облигациялар" санаты, HSBKb19) облигацияларының Биржадағы сауда-саттықтары қайта басталатыны туралы хабарлайды. Аталмыш облигациялардың сауда-саттықтары 2020 жылдың 18 наурызынан бастап 2020 жылдың 18 наурызында аталмыш облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысы өткізілуіне байланысты уақыта тоқтатылған. Осы облигациялардың сауда-саттықтары KASE аталмыш облигациялардың, Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен 2020 жылдың 06 сәуірінде бекіткен, шығарылым аңдатпасына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды алғаннан кейін қайта басталды, осы өзгертулерге сәйкес кейбір шектеулер (ковенанттар) алып тасталды. "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ 2020 жылдың 08 сәуіріндегі хатымен өзінің есепке алу жүйесінде осы облигациялармен жасалған операцияларды тіркеудің қайта басталғаны туралы хабарлады. Аталмыш облишгациялардың шығарылым аңдатпасына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар KASE интернет-сайтында жарияланған: - http://kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbkf9_HSBKb18_izm_060420.pdf - http://kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbkf9_HSBKb19_izm_060420.pdf Бұдан бұрын 2020 жылдың 16 наурызында "18 наурыздан бастап "Қазақстан халыө жинақ банкі" АҚ KZ2C00002855 (HSBKb18) және KZ2C00003077 (HSBKb19) облигациялары бойынша сауда-саттықтар уақытша тоқтатылады" тақырыбына KASE жаңалығы жарияланған – https://kase.kz/kz/news/show/1426837/ [2020-04-08]