/KASE, 08.04.20/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған, "АТФБанк" АҚ (Алматы), өзінің Директорлар кеңесі
2020 жылдың 20 наурызында банктің 4 924 987 KZ000A0ETF32 (KASE негізгі
сауда-саттық алаңы, "стандарт" санаты, ATFB) жай акцияларын,
акционерлердің акцияларды артықшылықты сатып алу құқығын іске асыру
арқылы, орналастыру туралы шешім қабылдағаны туралы Биржаға
хабарлады.
Осы ақпарат орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/ATFB/atfb_info_reshenie_sd_200320_2882.pdf
[2020-04-08]