2020 жылдың екінші тоқсанына МБҚ қисығын анықтау үшін мерзімділік параметрлері анықталды

07.04.20 17:54
/KASE, 07.04.20/ – Қазақстан қолр биржасының Нарықтық тәунекелдер жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) 2020 жылдың 20 наурызында кезекті тәртіпте 2020 жылдың екінші тоқсанына МБҚ қисығын анықтау үшін мерзімділік диапазондардың параметрлерін қайта қарады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарының кірістілік функциясын анықтау әдістемесіне (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес, Қазақстан Республикасының индекстелмеген мемлекеттік бағалы қағаздарының кірістілік функциясын (МБҚ қисығы) қалыптастыру үшін, оны қалыптастырғанда пайдаланылатын мәмілелер, осы мәмілелердің заты болып табылатын, бағалы қағаздардың өтеуге дейінгі мерзіміне қарай топтарға бөлініп, мерзімділік диапазондар деп аталады. Әдістемеге сәйкес мерзімділік диапазондардың саны мен шектерін анықтау Комитеттің құзіреттілігіне жатқызылады және тоқсан сайын, күнтізбелік тоқсан басталар алдында кемінде бес жұмыс күн бұрын, жүзеге асырылажы. Осы кезде МБҚ қисығын қалыптастыру үшін төрт мерзімділік диапазондары қолданады: 7 күннен 190 күнге дейін, 191 күннен 370 күнге дейін, 371 күннен 1 825 күнге дейін, 1 825 күннен ары қарай. Комитеттің шешімімен сәйкес МБҚ қисығын анықтау мақсатында 2020 жылдың екінші тоқсанына аталмыш диапазондар сақталды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарының кірістілік функциясын анықтау әдістемесінің мәтіні KASE интернет-сайтында https://kase.kz/files/normative_base/metodika_gzb.pdf мекен-жайында қолжетімді. [2020-04-07]