06 сәуірден 10 сәуірге дейінгі кезеңдегі KASE жұмыс регламенті

03.04.20 16:18
/KASE, 30.03.20.27.03.20 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 06 сәуірден 10 сәуірге дейінгі кезеңдегі KASE нарығындағы сауда- саттық валюталық, қаржы және қор нарығында айналымға жіберілген барлық қаржы құралдары бойынша жүргізілетіндігін хабарлайды. 06 сәуірден 10 сәуірге дейінгі кезеңде: - деривативтер нарығындағы сауда-саттық; - репо және валюталық своп құрадары бойынша қосымша сессия өткізілмейді. 06 сәуірден 10 сәуірге дейінгі кезеңде KASE нарығындағы сауда-саттық, клиринг және есептеулер жүргізу регламенті өзгертіледі. Аталмыш кезеңде қолданылатын регламент төмендегі кестеде көрсетілген (регламент Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша құрастырылған). --------------------------------------------------------------------------------- Клиринг регламенті Есептеулер регламенті ------------------------ --------------------------- ------------ ----------- ------------- ------------- Нарық CNYKZT_TOD Қорытынды Сауда- Биржаның бойынша клирингілік саттыққа міндетемесін Сауда- клирингілік сессия қатысушылар орындау саттық сессия міндеттемесін уақыты регламенті орындау уақыты ---------------- ----------- ------------ ----------- ------------- ------------- Валюталық шет елдік валютаны сатып 10.15–13.00 11.00–11.30 13.00–13.30 13.30–14.15 14.15–15.00 алу-сату және валюталық своп операциялары ---------------- ----------- ------------ ----------- ------------- ------------- Қор бағалы 10.00–13.00 – 13.00–14.00 13.00–13.30 14.00–15.00 қағаздарды сатып алу-сату және репо операциялары --------------------------------------------------------------------------------- CNYKZT_TOD құралдары бойынша сауда-саттық, клиринг және есептесулер әдеттегі режимде жүргізіледі. USDKZT_TOM құралы бойынша орташа сараланған бағамды аралық белгілеу әдеттегі режимде 11.00-де жүзеге асырылады. Күннің қорытындысы бойынша АҚШ доллары бойынша орташа сараланған бағамды есептеу валюталық нарықта сауда-саттықты аяқтаған соң жүргізіледі. Аталмыш бағам валюталардың айырбастау бағамын анықтау мақсатында, 15.30 - дағы жағдай бойынша белгіленген бағам болып табылады. Сауда-саттыққа қатысушылардан валюталық нарықта маржалық қамтамасыз етуді қайтаруға өтінімдерді қабылдау сағат 14.15-ке дейін жүргізіледі, маржалық қамтамасыз етуді қайтару – 15.00-ге дейін. Сауда-саттық барысы трансляциялау және олардың қорытындысының KASE сайтында жариялануы 30 наурыздан 03 сәуірге дейін әдеттегі режимде жүргізіледі. [2020-04-03]