02 сәуірден бастап "Байтерек девелопмент" АҚ KZ2C00005973 (BTDVb1) және KZ2C00006179 (BTDVb2) облигациялары KASE балама сауда-саттық алаңының "облигациялар" санатынан KASE ресми тізімінің негізгі алаңынан "облигациялар" санатына ауыстырылды

01.04.20 15:16
/KASE, 01.04.20/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының шешімімен 2020 жылдың 02 сәуірінен бастап "Байтерек девелопмент" АҚ (Нұр-Сұлтан) келесі облигациялары KASE ресми тізімінің балама сауда-саттық алаңының "облигациялар" санатынан КASE ресми тізімінің негізгі сауда-саттық алаңының "облигациялар" санатына ауыстырылды: - KZ2C00005973 (KASE балама алаңы, "облигациялар" санаты, BTDVb1); - KZ2C00006179 (KASE балама алаңы, "облигациялар" санаты, BTDVb2). KASE 2020 жылдың 31 наурызындағы қортыныдысында, "Байтерек девелопмент" АҚ және оның аталмыш облигацияларын тексеру қорытындысы бойынша KASE ресми тізіміне облигациялардың негізгі алаңның "облигациялар" санатына енгізу үшін өлшемдер мен талаптарға компанияның және оның аталмыш облигацияларының сәйкестігі анықталды. Аталмыш облигациялары KASE ресми тізімінің балама алаңының коммерциялық облигациялар санатына 2019 жылдың 23 тамызынан бастап енгізілді. Олардың сауда-саттығы 2019 жылдың 28 тамызынан ашылды. [2020-04-01]