"Сбербанк России" АҚ Еншілес Банкі "Қазақстан тұрақтылық қоры" акционерлік қоғамымен бірлесіп, кәсіпкерлер үшін жеңілдікті несиелендіру бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті

01.04.20 10:23
/KASE, 01.04.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Сбербанк России" АҚ Еншілес Банкі (Алматы), Биржаға жолдаған 2020 жылдың 31 наурызындағы баспасөз мәлімдемесін хабарлады: цитата басы ҚР аумағында коронавирус инфекциясы (COVID 19) таралуына байланысты, төтенше жағдай режимін енгізу кәсіпкерлер мен бизнес иелерінің қаржылық жағдайына әсерін тигізуде. Товар және шикізат жеткізудегі кемшіліктер, өндірілген және сатылған өнімге сұранымның төмендеуі, қаржы ағымының азаюы – бүгінгі бизнес өкілдерінің күресіп отырған қиындықтарының бір бөлігі ғана. цитата соңы Осы баспасөз хабарламасының орыс тіліндегі толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында https://kase.kz/ru/news/show/1427815/ мекен-жайында танысуға болады. [2020-04-01]