"Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ акционерлерінің 24 сәуірге белгіленген жылдық жалпы жиналысы 22 мамырға ауыстырылды

30.03.20 10:28
/KASE, 30.03.20/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (Алматы, әрі қарай – банк), 2020 жылдың 24 сәуіріне белгіленген акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы 22 мамырға ауыстырылғаны туралы биржаға хабарлады. Күн тәртібіне 12 мәселелер енгізілді, оның ішінде: - 2019 жылға қаржылық есептілігін бекіту туралы; - 2019 жылдың қорытындысы бойынша банктің таза табысын бөлу тәртібін бекіту, банктің жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы. Банктің бір жай акциясына дивиденд көлемін бекіту туралы; - Банктің Директорлар кеңесінің өзінің қызметі туралы 2019 жылға есебін қарастыру туралы; - Банктің Директорлар кеңесінің сандық құрамын анықтау туралы; - Банктің Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімін анықтау туралы; - Банктің Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау туралы. Хабарламаның толық мәтіні KASE интернет-сайтында жарияланды – http://kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_reliz_300320_1.pdf [2020-03-30]