30 сәуірде "Қазақтелеком" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болып өтеді

18.03.20 16:44
/KASE, 28.02.20/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақтелеком" АҚ (Нұр-Сұлтан), 2020 жылдың 30 сәуірінде сағат 12:00-де өз акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болып өтетіні туралы биржаға хабарлады. Күн тәртібіне келесі мәселелер енгізілді, оның ішінде: - компанияның 2019 жылға шоғырландырылған қаржылық есептілігін бекіту туралы; - компанияның 2019 жылға таза табысын бөлу тәртібі туралы; - компанияның жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы; - Компанияның Директорлар кеңесі туралы қағидаға өзгертулер енгізу туралы; - Компанияның және оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне акционерлердің жүгінулері туралы; Хабарламаның толық мәтіні KASE интернет-сайтында жарияланды – https://kase.kz/files/emitters/KZTK/kztk_annual_shareholders_meeting_info_300420_2726.pdf [2020-03-18]