"ПАВЛОДАРЭНЕРГО" АҚ өзінің (KZ2C00003739, PDE№B2) облигациялары бойынша жетінші купонын төлегені туралы хабарлады

20.03.20 11:01
/KASE, 20.03.20/ - "ПАВЛОДАРЭНЕРГО" АҚ (Павлодар) 2020 жылдың 19 наурызында өзінің (KZ2C00003739, негізгі сауда-саттық алаңы KASE, "облигациялар" санаты, PDE№B2) облигациялары бойынша жетінші купондық сыйақысын төлегені туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес төленген сыйақының мөлшері 61 920 000,00 теңгені құрады. [2020-03-20]