28 сәуірде "Рахат" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болып өтеді

20.03.20 10:49
/KASE, 28.02.20/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Рахат" АҚ (Алматы), 2020 жылдың 28 сәуірінде сағат 10:00-де өз акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болып өтетіні туралы биржаға хабарлады. Күн тәртібіне келесі мәселелер енгізілді, оның ішінде: - компанияның 2019 жылға шоғырландырылған қаржылық есептілігін бекіту туралы; - жиналыстың күн тәртібін бекіту туралы; - 2019 жылдың қорытындысы бойынша компанияның таза табысын бөлу тәртібін бекіту, компанияның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы. Компанияның бір жай акциясына дивиденд көлемін бекіту туралы; - Директорлар кеңесінің мүшесі Но Манг Ко өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы; - Компанияның Директорлар кеңесінің сандық құрамын анықтау туралы; - Компанияның Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімін анықтау туралы; - Компанияның ң Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау туралы. Хабарламаның толық мәтіні KASE интернет-сайтында жарияланды – https://kase.kz/files/emitters/RAHT/raht_annual_shareholders_meeting_info_280420_1002.pdf [2020-03-20]