"Кселл" АҚ 2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айларына қаржылық нәтижелері туралы хабарлады

19.03.20 19:02
/KASE, 19.03.20/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Кселл" АҚ (Алматы), 2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айларына қаржылық нәтижелері туралы Биржаға хабарлады. ... Қазақстандағы телекоммуникациялық нарықтағы жетекші оператор "Кселл" акционерлік қоғамы (әрі қарай "Kcell" немесе "Компания") (LSE, KASE: KCEL; AIX: KCEL, KCEL.Y), 2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айларына қаржы нәтижелері туралы хабарлады. Төртінші тоқсан - Сатудың таза көлемі 11,1 пайызға өсіп, 42 487 млн. теңгені (38 254) құрады. Қызметтен кіріс 5,8 өсіп, 35 510 млн. теңгені (33 542) құрады. - EBITDA көрсеткіші, бір жолғы шығынсыз, 8,6пайызға дейін өсіп, 15 536 млн. теңгені (14 301) құрады. EBITDA бойынша рентабельдігі 36,6 пайызға дейін өсті (37,4). - Операциялық кірісі 16,7 пайызға артып, 8 662 млн. теңгені (7 423) құрады. - Қаржыландыруға таза шығын 2489 млн теңгені құрады (2 493). ... Толық ақпарат KASE интернет-сайтында жарияланды https://kase.kz/files/emitters/KCEL/kcel_reliz_190320_1.pdf [2020-03-19]