"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ төрт шығарылым облигацияларының айналым мерзімі өзгерді

19.03.20 19:21
/KASE, 13.03.20/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ (Нұр-Сұлтан) келесі облигацияларының айналым мерзімі өзгергені туралы хабарлады: - KZ2C00002285 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, SKKZb8, 1 000 теңге, 40,5 млрд теңге; 13.03.09 – 13.03.20, жартыжылдық купон, жылдық 6,00 %; 30/360); - KZ2C00002293 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, SKKZb9, 1 000 теңге, 40,5 млрд теңге; 13.03.09 – 13.03.20, жартыжылдық купон, жылдық 6,00 %; 30/36); - KZ2C00002335 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, SKKZb13, 1 000 теңге, 34,5 млрд теңге; 18.03.09 – 18.03.20, жартыжылдық купон, жылдық 6,00 %; 30/360); - KZ2C00002343 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, SKKZb14, 1 000 теңге, 34,5 млрд теңге; 18.03.09 – 18.03.20, жартыжылдық купон, жылдық 6,00 %; 30/360). Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде 2020 жылдың 16 наурызында тіркелген аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасына өзгертулер мен толықтыруларға сәйкес: - oблигациялардың айналым мерзімі қайталама орналастыру күнінен бастап, бес жыл өткенге дейін анықталды. - Айналымдағы облигациялар бойынша купондық сыйақы төлемі аталмыш облигациялардың айналым мерзімінің соңында белгіленген. Аталмыш облигацияларды орналастыруды өткізген соң купондық сыйақы мөлшерлемесі бойынша тиісті мәліметтер және айналым мерзімі KASE сауда-саттық жүйесіне және мәліметтер базасына енгізіледі. Аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасына өзгертулер мен толықтырулар KASE интернет-сайтында – http://kase.kz/ru/issuers/SKKZ/y2020g2 жарияланған. [2020-03-19]