"Самұрық-Энерго" АҚ барлық стратегиялық энергетикалық компаниялар және көмір өндіруші ұйымдардың жұмысы штаттық режимде жүргізілетіні туралы хабарлады

18.03.20 11:41
/KASE, 18.02.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Самұрық-Энерго" АҚ (Нұр-Сұлтан), 2020 жылдың 18 наурызында Биржаға жолдаған хабарламасында былай деп мәлімдеді: цитатаның басы «Самұрық-Энерго» қазақстандық аса ірі электр энергетикалық холдингінің электр энергиясын және көмір өндіретін барлық стратегиялық ұйымдары штаттық режимде жұмыс істеуде. Төтенше жағдай кезеңінде кәсіпорын жұмыскерлері коронавирус инфекциясының тарқалуына жол бермеудің шараларын қолға алуда. Ағымдағы жылғы 18 наурыздағы жағдай бойынша холдингтің компаниялары айдың басынан бері 1 633 561 мың кВтсағ. электр энергиясын өндірді, бұл жоспардың 108 %-тін құрайды. Жыл басынан бері станциялар жоспарланған 7 704 667 мың кВтсағаттың орнына 7 651 506 мың кВтсағат электр энергиясын өндірді, бұл жоспардың 99 %-і . Жұмыскерлер ауырмауының алдын алу мақсатында, «Самұрық-Энерго» АҚ- да және оның құрамына кіретін электр энергетикалық компанияларында Жедел әрекет ету штабтары құрылып, Коронавирус инфекциясы тарқалуының алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Бұл іс-шаралар аясында станцияларда тұтас шаралар кешені іске асырылуда, солардың қатарында – персоналды тасуға арналған көлік құралдарын санитарлық тазалау, сондай-ақ жұмысқа арналған және тұрмыстық үй-жайларды таза ұстау, спорттық және мәдени-бұқаралық іс- шаралардың барлығын тоқтату, жұмыскерлердің барлығын күшейтілген медициналық тексеруден өткізу, медициналық бетперделер, тепловизорлар, қашықтан өлшейтін инфрақызыл термометрлер және т.б. сатып алу. Кәсіпорындардың барлық цехтары мен бөлімшелеріндегі ақпараттық тақтайшаларда коронавирусты жұқтырмаудың алдын алу туралы ақпарат орналастырылды. цитатаның соңы Толық ақпарат KASE интернет-сайтында жарияланды: - https://kase.kz/files/emitters/SNRG/snrg_reliz_180320_kz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/SNRG/snrg_reliz_180320.pdf – орыс тілінде. [2020-02-18]