Қазақстан Республикасының қаржы нарығын ретету және дамыту жөніндегі агенттігі "RG Brands" АҚ KZ2C00005924 (RGBRb8) облигацияларының шығарылым аңдатпасына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды тіркеді

18.03.20 11:08
/KASE, 18.03.20/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "RG Brands" АҚ өзінің KZ2C00005924 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "облигациялар" санаты, RGBRb8; 1 теңге, 5,0 млрд теңге; 5 жыл, жартыжылдық купон, жылдық 8,00 %; 30/360) облигацияларының шығарылым аңдатпасына енгізілген өзгертулердің көшірмесін және, осының алдында берілгеннің орнына берілген, 2020 жылдың 06 наурызындағы облигациялық бағдарламасы аясындағы облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуінің куәлігін Биржаға ұсынды: Аталмыш құжаттарға сәйкес: - Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігі аталмыш облигацияларының шығарылым аңдатпасына енгізілген өзгертулерді тіркеді; - аталмыш куәлік, аталған облигациялардың айналыс мерзімі аяқталуына байланысты ауыстырылды; - шығарылған облигациялардың түрі "қамтамасыз етусіз атаулы купондар "қамтамасыз етусіз субординирленген атаулы купондарға" ауыстырылды; - айналым мерзімі күні KASE сауда-саттық жүйесінде айналым мерзімінің күні өкілетті органның облигациялар шығарылымы аңдатпасына өзгертулер мен толықтыруларды тіркеу күнінен кейін аталмыш облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу күніне өзгертілді; - аталмыш облигациялардың айналым мерзімі бес жыл өткен соң, қайталама орналастырудың екінші күнінен бастап. Аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасына енгізілген өзгертулер KASE интернет-сайтында жарияланды – http://kase.kz/files/emitters/RGBR/rgbrf9_RGBRb8_izm_110320.pdf [2020-03-18]