"Сбербанк России" Еншілес банкі АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып Тимур Козинцев сайланды

12.03.20 12:45
/KASE, 12.03.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Сбербанк России" Еншілес банкі АҚ (Алматы) 2020 жылдың 11 наурызындағы төмендегі баспасөз хабарламасын ұсынды: цтата басы Тимур Козинцев "Сбербанк" АҚ ЕБ Директорлар кеңесінің Төрағасы болып сайланды. Сәйкес шешімді Банктің Директорлар кеңесі қабылдады. Бұрынырақ, 2020 жылдың ақпан айында Тимур Козинцев Сбербанк ЖАҚ аға вице-президенті лауазымында «Sberbank International» блогының жетекшісі болып тағайындалды. "Бүгінгі таңда Сбербанк Қазақстандағы жергілікті банктер арасында тиімділігі бойынша көшбасшы болып табылады. Біз активтер сапасы бойынша нарықтағы ең үздіктердің біріміз және берілген кредиттер бойынша екінші орындамыз - бұл өте жақсы нәтиже. Сбербанк заманнан қалыспай келеді және бүгінгі таңда Сбербанк Қазақстан тобының алдында digital дамыту және экожүйені құру бойынша өршіл мақсаттар тұр. Бірге жетістікке жететінімізге сенімдімін", - деп атап өтті Тимур Козинцев. Тимур Козинцев Сбербанкке 2013 жылы келіп, DenizBank-тің (Түркия) Сбербанк Тобына біріктірілуі үшін жауапты болған. 2015 жылдан бастап CRO және басқарма мүшесі ретінде DenizBank тәуекелдерін басқару жүйесін дамытумен айналысқан. Соңғы екі жылда Түркиядағы еншілес банкті сату бойынша мәмілені сүйемелдеді. цитата соңы [2020-03-12]