/KASE, 06.03.20/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "REAL-INVEST.kz" Қаржы компаниясы" АҚ (Алматы) 2020
жылдың 30 наурызында сағат 11:00-де акционерлерінің кезектен тыс жалпы
жиналысы сырттай дауыс беру арқылы болып өтетіні туралы Биржаға
хабарлады. Күн тәртібінде қаралатын жалғыз мәселе - Басқарманың сандық
құрамын, өкілеттік мерзімін анықтау және Басқарма мүшелері мен басшысын
сайлау туралы.
Жиналыс туралы толық ақпарат KASE интернет-сайтында жарияланған –
https://kase.kz/files/emitters/REAL/real_special_shareholders_meeting_info_300320_03.pdf
[2020-03-06]