Қазақстан Республикасының қаржы нарығын ретету және дамыту жөніндегі агенттігі "First Heartland Jýsan Bank" АҚ KZ2C00002913 (TSBNb27) облигацияларының шығарылым аңдатпасына енгізілген өзгертулерді тіркеді

05.03.20 12:35
/KASE, 05.03.20/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "First Heartland Jýsan Bank" АҚ өзінің KZ2C00002913 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "облигациялар" санаты, TSBNb27; 1 теңге, 30,0 млрд теңге; 15 жыл, жылдық купон, жылдық 0,10 %; 30/360) облигацияларының шығарылым аңдатпасына енгізілген өзгертулердің көшірмесін және, осының аодында берілгеннің орнына берілген, 2020 жылдың 21 ақпанындағы облигациялық бағдарламасы аясындағы облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуінің куәлігін Биржаға ұсынды. Аталмыш құжаттарға сәйкес: - Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігі аталмыш облигацияларының шығарылым аңдатпасына енгізілген өзгертулерді тіркеді; - аталмыш куәлік, аталған облигациялардың айналыс мерзімі аяқталуына байланысты ауыстырылды; - шығарылған облигациялардың түрі "қамтамасыз етусіз атаулы купондар "қамтамасыз етусіз субординирленген атаулы купондарға" ауыстырылды; - айналым мерзімі күні KASE сауда-саттық жүйесінде айналым мерзімінің күні өкілетті органның облигациялар шығарылымы аңдатпасына өзгертулер мен толықтыруларды тіркеу күнінен кейін аталмыш облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу күніне өзгертілді; - айналым мерзімі 15 жылдан 10 жылға өзгерді. Аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасына енгізілген өзгертулер KASE интернет-сайтында жарияланды – http://kase.kz/files/emitters/TSBN/tsbnf9_TSBNb27_izm_210220.pdf [2020-03-05]