"Altyn Bank" АҚ (China Citic Bank Corporation Limited еншілес банкі) активтердің сапасының тәуелсіз бағасының нәтижелері (AQR) сенімділікті растайды
03.03.20 17:51
/KASE, 03.03.20/ – Бағалы қағздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Altyn Bank" АҚ (China Citic Bank Corporation
Limited еншілес банкі) (Алматы) Қазақстан қор биржасына 2020 жылдың 03
наурызындағы баспасөз хабарламасын ұсынды:
...
AQR нәтижелері Altyn Bank тұрақты қаржылық жағдайын растады. AQR
өткізу күні бірінші деңгейдегі капиталдың жеткіліктілігі 19,4% құрады, ең
төменгі мәні 7,5% құрады. AQR қорытындысынан кейін капиталдың
жеткіліктілік коэффициенті мәні өзгеріссіз қалды, капитал қоры 11,9%
құрады.
Өтімділік қорының жоғары көрсеткіштері мен қаражат жеткіліктілігі банктің
жоғары сенімділігін көрсетеді, сондай-ақ халықаралық рейтингілік агенттігі
ұсынған банк рейтингімен расталады. Altyn Bank қазақстандық
коммерциялық банктер арасында ең жоғары рейтингке ие (Fitch – “BBB-”,
Moody’s – “Ba1”).
...
[2020-03-03]