18 наурызда "Standard Life" өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болып өтеді

03.03.20 10:10
/KASE, 03.03.20/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Standard Life" өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ (Алматы), 2020 жылдың 18 наурызында сағат 15:00-де өз акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болып өтетіні туралы биржаға хабарлады. Күн тәртібіндегі мәселелер: - акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы; - компанияның 2019 жылға қаржылық есептілігін бекіту туралы; - 2019 жылдың қорытындысы бойынша компанияның таза табысын бөлу тәртібін бекіту, - компанияның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы. Банктің бір жай акциясына дивиденд көлемін бекіту туралы; - компанияның Директорлар кеңесінің өзінің қызметі туралы 2019 жылға есебін қарастыру туралы; - компания акционерлерін Директорлар кеңесі мен Басқарманың 2019 жылға сыйақы көлемі мен құрамы туралы хабардар ету. Хабарламаның толық мәтіні KASE интернет-сайтында жарияланды – https://kase.kz/files/emitters/SKSL/sksl_annual_shareholders_meeting_info_180320_437.PDF [2020-03-03]