"Kaspi Bank" АҚ 2019 жылға банктің қаржылық есебі мен таза табысын бөлу тәртібін бекітті

02.03.20 17:54
/KASE, 02.03.20/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Kaspi Bank" АҚ (Астана) 2020 жылдың 02 наурызындағы акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімдері туралы хабарлады: - банктің 2019 жылға аудиторлардың есебін ескере отырып, шоғарландырылған және шоғырландырылмаған есебін бекіту; - банктің таза табысын бөлудің келесі тәртібін бекітілсін: - банктің бір акцияға 2 885 теңге көлемінде жай және артықшылықты акциялары бойынша дивиденд төлеуді жүзеге асыру; - төлем кезеңі – 2019 жыл; - төлемді бастау күні: 2020 жылдың 02 наурызы; - акционерлердің банктің және олардың лауазымды тұлғаларының әрекетіне 2019 жылдың қорытындысын қарастыру бойынша жүгінулері жоқ екендігі назарға алынсын. Толық ақпарат – https://kase.kz/files/emitters/CSBN/csbn_annual_shareholders_meeting_results_020320_20.pdf мекен-жайында жарияланған. [2020-03-02]