"Еуразиялық банк" АҚ активтердің сапасын бағалау нәтижесі туралы хабарлады (AQR)

02.03.20 15:11
/KASE, 02.03.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Еуразиялық банк" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына, 2020 жылдың 28 ақпанындағы келесі баспасөз хабарламасын ұсынды: ... Еуразиялық банк клиенттерге және серіктестерге тәуелсіз халықаралық кеңесшілер мен аудиторлардың қатысуымен Ұлттық банк аяқтаған активтердің сапасын бағалау (AQR) нәтижелеріне қанағаттанатынын хабарлайды. AQR қорытындысы Еуразиялық банк акционерлерінің және басшылығының болжамдары мен тұспалдарына толық сәйкес келеді. Банк AQR ұсыныстарын ескере отырып, бизнес-стратегияны іске асыру және кредит қоржынының сапасын одан әрі жақсарту бойынша жоспарлы жұмысты жалғастырады. AQR нәтижелері бойынша Ұлттық банк Еуразиялық банкті қолдау шаралары туралы жариялады, оның нәтижесінде меншікті капиталдың жеткіліктілігі 8- 10% құрайды, бұл барлық реттеуші талаптарға сәйкес келеді. ... Баспасөз хабарламасының толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында http://kase.kz/files/emitters/EUBN/eubn_reliz_280220_kz.docx мекен-жайында танысуға болады. [2020-03-02]