02 НАУРЫЗДАН БАСТАП ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫ KASE_BM* СЕРИЯЛЫ ИНДЕКСІНІҢ ӨКІЛЕТТІ ТІЗІМІНЕ "ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ" АҚ KZ2C00005932 (KZTKb4) ОБЛИГАЦИЯЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ

02.03.20 09:47
/KASE, 02.03.20/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің шешімімен 2020 жылдың 02 наурызынан бастап, KASE "Қор нарығының индикаторларының есептеу әдістемесі" (одан әрі – Әдістеме) ішкі құжатына сәйкес, KASE_BM* сериялы индикаторларын есептеуге арналған өкілетті тізімге "Қазақтелеком" АҚ (Нұр- Сұлтан)KZ2C00005932 (KZTKb4) облигациялары енгізілді: Аталмыш облигациялар Әдістеменің барлық талаптарына сәйкес. Әдістемеге сәйкес үш айда бір рет KASE қор нарығының индикаторларын есептеуге арналған өкілеттік тізімін қайта қарастырады: 1) негізгі алаң (серия KASE_BM*) – KASE_BMC таза бағасы индексі және KASE_BMY кірістілік индикаторы; 2) балама алаңы (серия KASE_BA*) – KASE_BAC таза бағасы индексі және кірістілік индикаторы KASE_BAY кірістілік индикаторы. 2019 жылдың 01 желтоқсанынан бастап KASE_BM* сериялы индикаторларының өкілеттік тізімі 33 атаудағы облигациядан тұрады. KASE_BA* сериялы индикаторларының тізіміне енгізу үшін балама алаңның облигациялары жоқ. 2018 жылдың 26 қаңтарынан бастап, KASE_BA* сериялы индикаторларын есептеуге арналған аталмыш индикаторлар болмағандықтан, индикаторларды есептеу тоқтатылды, өйткені Әдістемеге сәйкес корпоративтік облигациялардың жалпы саны кем дегенде төрт индикатордан тұруы тиіс. Аталмыш тізім KASE интернет-сайтында http://kase.kz/ru/stock_market/kase_bonds/KASE_BMC/ мекен-жайында жаряланған. Әдістеме мәтіні KASE интернет-сайтында http://kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf мекен-жайында жаряланған. [2020-03-02]