"Казатомпром" ұлттық атом компаниясы" Директорлар кеңесінің жанында Комитет төрағасы сайланғаны туралы хабарлады

20.02.20 15:12
/KASE, 20.02.20/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Казатомпром" ұлттық атом компаниясы" АҚ (Нұр- Сұлтан), Қазақстан қор биржасына (KASE), 2020 жылдың 20 ақпанындағы баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы 2020 жылғы 20 ақпанда «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ (ары қарай - Қазатомөнеркәсіп) Директорлар кеңесінің бетпе-бет отырысын өткізді. 2019 жылдың 6 желтоқсанында Джон Дудастың Қазатомөнеркәсіп Стратегиялық жоспарлау және инвестициялар жөніндегі комитет төрағасы және Директорлар кеңесінің Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитетінің төрағасы ретінде қызметінен кетуіне байланысты бұл лауазымдар бос қалды. Директорлар кеңесінің отырысы барысында келесі шешім қабылданды: Тәуелсіз директор Нил Чарльз Лонгфеллоуды «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау және инвестициялар жөніндегі комитетінің төрағасы ретінде сайлау; Тәуелсіз директор Расселл Фрэнсис Бэнхамды «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитетінің төрағасы ретінде сайлау. цитата соңы Толық ақпарат KASE интернет-сайтында – http://kase.kz/files/emitters/KZAP/kzap_reliz_200220_1.pdf [2020-02-20]