"Самұрық-Энерго" АҚ "Богатырь" көмір бассейнінде жаңа жоба іске асырылғаны туралы хабарлады

19.02.20 15:10
/KASE, 19.02.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Самұрық-Энерго" АҚ (Нұр-Сұлтан), 2020 жылдың 19 ақпанында Биржаға жолдаған хабарламасында былай деп мәлімдеді: цитатаның басы Қазіргі уақытта «Богатырь Көмір» ЖШС «Богатырь» кесігінде көмір өндірудің циклды-ағынды технологиясы» жобасын (ЦАТ) іске асыруда, оны аяқтау 2022 жылдың бірінші тоқсанында жоспарланады. Бұл туралы, бүгін «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Бақытжан Жоламанов ҚР Парламенті Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінде сөйлеген сөзінде айтты. 2020 жылы, жазғы кезеңде көмір жеткізудің уақытша төмендеуін ескере отырып, «Богатырь Көмір» ЖШС тұтынушыларға көмірді 42 млн. тонна деңгейінде жеткізуді жоспарлап отыр, бұл кәсіпорынның жобалық қуатына сәйкес келеді. ЦАТ жобасын іске асырғаннан кейін «Богатырь Көмір» ЖШС-ның жобалық қуаты жылына 50 млн. тонна көмір өндіруді құрайтын болады, бұл ҚР мен РФ электр станцияларының ағымдағы және болашақтағы көмірге деген мұқтаждықтарын қамтамасыз етеді. цитатаның соңы Толық ақпарат KASE интернет-сайтында жарияланды: - https://kase.kz/files/emitters/SNRG/snrg_reliz_190220_kz_2.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/SNRG/snrg_reliz_190220_2.pdf – орыс тілінде. [2020-02-19]