"Самұрық-Энерго" АҚ Алматы ЖЭО-2 жаңарту жобалары туралы хабарлады

19.02.20 12:39
/KASE, 19.02.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Самұрық-Энерго" АҚ (Нұр-Сұлтан), 2020 жылдың 19 ақпанында Биржаға жолдаған хабарламасында былай деп мәлімдеді: цитатаның басы 2020 жылғы наурыз-сәуір айларында Самұрық-Энерго Алматы ЖЭО-2-ні жаңғырту жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі (ТЭН) бойынша дайындалған әзірлеменің алдын ала нәтижелерін алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Бақытжан Жоламанов ҚР Парламенті Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінде сөйлеген сөзінде айтты. Сөз барысында айтылғандай, Самұрық-Энерго қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне айрықша назар аударады. Сөйтіп, Алматы қаласының экологиялық жағдайына тигізетін теріс әсерді азайту үшін Алматы ЖЭО-2-ні жаңғырту жобасын іске асыру басталды. ЖЭО-ны «ҚазҒЗЖИ Энергопром» тәуелсіз институты әзірлеуде. цитатаның соңы Толық ақпарат KASE интернет-сайтында жарияланды: - https://kase.kz/files/emitters/SNRG/snrg_reliz_190220_kz_1.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/SNRG/snrg_reliz_190220_1.pdf – орыс тілінде. [2020-02-19]