2020 жылдың 04 наурызында "Нұрбанк" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтеді

19.02.20 10:31
/KASE, 19.02.20/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Нұрбанк" АҚ (Алматы) 2020 жылдың 04 наурызында акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы сырттай дауыс беру арқылы болып өтетіні туралы Биржаға хабарлады. Күн тәртібіне келесі мәселелер қаралады: - банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту; - банктің жай акцияларына айырбасталған облигациялар шығарылымы туралы; - банктің жарияланған жай акцияларының санын арттыру туралы. Жиналыс туралы толық ақпарат KASE интернет-сайтында жарияланған – http://kase.kz/files/emitters/NRBN/nrbn_special_shareholders_meeting_info_040 320_5762.pdf [2020-02-19]