"КазТрансОйл" АҚ "Транснефть" ЖАҚ-тың кондициялық емес мұнай үшін бес қазақстандық мұнай компаниясына төлемдер жасағаны туралы хабарлады

11.02.20 16:26
/KASE, 29.01.20/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "КазТрансОйл"АҚ (Нұр-Сұлтан) 2020 жылдың 29 қаңтарындағы баспасөз хабарламасын Биржаға ұсынды: ... «Транснефть» ЖАҚ және Усть-Луга портында кондициялық емес мұнайды тиегені үшін шығындарды өтеу мәселесінде 38 қазақстандық мұнай компаниясы атынан сөйлеген «ҚазТрансОйл» АҚ арасында қол қойылған келісімдердің шеңберінде «Транснефть» ЖАҚ тарапынан тағы 5 қазақстандық мұнай компаниясына төлемдер жасалды. Осындай төлемдер бұрын 32 компанияға жасалған болатын. Естеріңізге салса кетейік, 2019 жылдың сәуір-мамыр айларында тасымалданған мұнайда хлорорганикалық қоспалардың жоғары шоғырлануына байланысты «Транснефть» ЖАҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесінде төтенше жағдай орын алды, бұл Усть-Луга портындағы танкерлерге қазақстандық жүк жөнелтушілері үшін шамамен 699 мың тонна кондициялық емес мұнай тиеуге әкеліп соқтырды. ... [2020-02-11]