"Самұрық-Энерго" АҚ Шардара ГЭС-інде сынақтан ойдағыдай өткеніі туралы хабарлады

11.02.20 11:05
/KASE, 11.02.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Самұрық-Энерго" АҚ (Нұр-Сұлтан), 2020 жылдың 11 ақпанында Биржаға жолдаған хабарламасында былай деп мәлімдеді: цитатаның басы Шардара су электр станциясының (СЭС) энергетиктері Andritz Hidro GmbX компаниясындағы серіктестерімен бірлесе отырып № 4 жаңа гидроагрегатты құрастырып шықты. Нысанды түбегейлі жаңғырту жобасының бұл соңғы сатысы, соның нәтижесінде станцияның қуаты 26%- ке ұлғаяды. Бұл күндері Шардара СЭС-інде байқау мақсатында іске қосылған № 4 жаңа гидроагрегат тест сынақтарынан өтуде. Мамандар турбина мен жабдықтың жұмысын бақылап, алынған нәтижелерді талдаудан өткізуде. Мамандардың сөзінше, жаңа импорттық жабдық жылына қосымша 57 млн. кВтсағат электр энергиясын өндіруден тыс, су станциясының жұмыс істеу мерзімін 35-40 жылға ұзартуға мүмкіндік береді, сондай-ақ СЭС-ті пайдалану сенімділігін арттырып, авария деңгейін төмендетеді. Харьков зауытының (Украина) елу жылдан астам уақыт қызмет еткен ескі гидротурбиналары австриялық-германиялық Andritz Hidro GmbX компаниясының өніміне ауыстырылды. Жаңа гидроагрегаттар Шардара СЭС-інде электр энергиясын өндіруді жылына 480 млн. кВтсағаттан 537 млн. кВтсағатқа дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. цитатаның соңы Толық ақпарат KASE интернет-сайтында жарияланды: - https://kase.kz/files/emitters/SNRG/snrg_reliz_110220_kz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/SNRG/snrg_reliz_110220.pdf – орыс тілінде. [2020-02-11]