2020 жылдың 10 наурызында "Каражыра" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтеді

07.02.20 17:25
/KASE, 07.02.20/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Каражыра" АҚ (Семей), 2020 жылдың 10 наурызында сағат 10:00-де акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтетіні туралы Биржаға хабарлады. Күн тәртібінде: - акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы. - Қоғамның ірі мәміле жасау туралы шешім қабылдау. Аталмыш жиналыс туралы толық ақпарат KASE интернет-сайтында жарияланған – http://kase.kz/files/emitters/KZHR/kzhr_special_shareholders_meeting_info_100 320_238.pdf [2020-02-07]