"Транстелеком" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 29 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

06.02.20 17:40
/KASE, 06.02.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Транстелеком" АҚ ("Транстелеком" АҚ, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 29 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 6 471 089 дана; - компанияның 5 638 097 жай акциялары орналастырылған; - компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан әрқайсысы бес және одан аса көлемдегі санына иеленген тұлғалар болып табылады: ------------------------------------------------------------------------------- Компанияның орналастырылған осы атаудағы Жай акциялар, акциялардың жалпы Атауы дана санындағы үлесі, % ------------------------------------------ ---------------- ------------------- М.С.Муханов 4 228 572 75,00 "НАЦИОНАЛЬНАЯ КОМПАНИЯ "ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ЖОЛЫ" 1 409 525 25,00 ------------------------------------------------------------------------------- [2020-02-06]