"Банк ЦентрКредит" АҚ өзінің жай акцияға айырбасталған KZ000A0H0930 (CCBNp) артықшылықты акциялары бойынша 2019 жылға 07 ақпаннан 09 наурызға дейін дивиденд төлеуді көздеп отырғаны туралы хабарлады

06.02.20 15:37
/KASE, 06.02.20/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) тізімінде тұрған, "Банк ЦентрКредит" АҚ (Алматы) KZ000A0H0930 (KASE, негізгі алаңы, "стандарт" санаты, CCBNp) жай акцияларына айырбасталған артықшылықты акциялары бойынша 2019 жылға бір акцияға 38,25 теңге көлемінде дивиденд төлеуді көздеп отырғаны туралы Биржаға хабарлады. Ұсынған ақпаратқа сәйкес, дивиденд төлеу 2020 жылдың 07 ақпанынан 09 наурызына дейін жүргізіледі, дивиденд төлеу үшін акцияларды ұстаушылар тізілімі 2020 жылдың 06 ақпанындағы жағдай бойынша жасалған. Аталмыш ақпарат – http://kase.kz/files/emitters/CCBN/ccbn_dividends_070220_2445.pdf мекен-жайында жарияланған. [2020-02-06]