"Нұрбанк" АҚ бағалы қағаздар нарығында банктік және өзге операцияларды жүргізуге лицензиясын қайта рәсімдегені туралы хабарлады

05.02.20 14:45
KASE, 05.02.20/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Нұрбанк" АҚ қызмет түрлерінің атаулары өзгеруіне байланысты, бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа да операциялар жүргізуге лицензиясын қайта рәсімдегені туралы хабарлады. Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттік 2020 жылдың 03 ақпанында нөмірі 1.2.15/193 лицензиясын берді. Аталмыш ақпарат – http://kase.kz/files/emitters/NRBN/nrbn_other_accidents_030220_3963.pdf мекен-жайында орналасқан. [2020-02-05]