Freedom Holding Corp. US3563901046 (US_FRHC) жай акциялары 10 ақпаннан бастап Т+ қамтамасыз ету тізімінен алып тасталады

05.02.20 11:49
/KASE, 05.02.20/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2020 жылдың 04 ақпанында Freedom Holding Corp. (Солт-Лейк-Сити, АҚШ) US3563901046 (KASE балама алаңы, "акциялар" секторы, US_FRHC) жай акцияларын 2020 жылдың 10 ақпанынан бастап жартылай қамтамасыз ету мәмілелері бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету ретінде ескерілген қаржы құралдарының тізімінен (Т+қамтамасыз ету тізімі) алып тастау туралы шешім қабылдады. Т+ тізіміне қаржы құралдарын қосу тәртібі және Т+ қамтамасыз ету тізімі KASE интернет-сайтында жарияланған – http://kase.kz/files/normative_base/order_instruments_T+.pdf [2020-02-05]