2020 жылдың 11 наурызында "Қазақтелеком" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтеді

04.02.20 11:14
/KASE, 04.02.20/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақтелеком" АҚ (Нұр-Сұлтан) 2020 жылдың 11 наурызында сағат 15:00-де акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтетіні туралы Биржаға хабарлады. Күн тәртібіндегі жалғыз мәселе "Қазақтелеком" АҚ Директорлар кеңесінің мүшелерінің шығындарын өтеу туралы". Жиналыс туралы толық ақпарат KASE интернет-сайтында жарияланған – http://kase.kz/files/emitters/KZTK/kztk_special_shareholders_meeting_info_110320_1078.pdf [2020-02-04]