"Сбербанк России" АҚ Еншілес Банкі «KazakhЕxport» компаниясымен бірігіп, Қазақстанда жиналған автокөлікті Өзбекстанға эспорттау жобасын қаржыландырды

03.02.20 12:39
/KASE, 03.02.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Сбербанк России" АҚ Еншілес Банкі (Алматы), Биржаға жолдаған 2020 жылдың 03 ақпанындағы баспасөз мәлімдемесін хабарлады: цитата басы «Сбербанк» АҚ ЕБ «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ- мен бірігіп, 11,8 млн АҚШ доллары сомасына қазақстанда жиналған автокөлікті Өзбекстанға эспорттау жобасын қаржыландыру туралы мәмілені жүзеге асырды. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы «СарыаркаАвтоПром» ЖШС алаңында жасап шығарылған автокөлік эскпортын ұлғайту туралы келісім аясында JAC S3 және JAC S5 маркалы 766 автокөлікті Өзбекстан нарығына шығару жобасын Банк қаржыландырды. Chevrolet үлгілері қатарын Ұлттық автокөлік павильонында ҚР Премьер-министрі Асқар Маминның қатысуымен өткен таныстыру барысында «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы Руслан Искаков пен «Узавтосаноат» АҚ басшысы Шавкат Умурзаков Серіктестік туралы тиісті келісімге қол қойды. Құжатта «KazakhЕxport» қаржылық-сақтандыру құралдарының қолданысы қарастырылған. «Экономика әртараптандыру және оның шикізаттық емес, экспорттық әлеуетін жүзеге асыру Қазақстанның дамуының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Сбербанк республиканың автокөлік өнеркәсібінің дамуына үлес қосуға өте қуанышты, себебі қарқынды дамып келе жатқан басым секторлардың бірі», - деп мәмілеге түсініктеме берді «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма Төрағасы Ельдар Тенизбаев. «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ («Байтерек» ҰБХ» АҚ құрамына кіреді) миссиясы - шикізат емес тауарлардың экспортының артуына, экономиканың басым секторлардағы жұмыстарға, қызметтерге қолдау көрсету және қазақстандың кәсіпорынды қаржылық-сақтандыру және қаржылай емес қолдау көрсету тәжірибесін қалыптастыру болып табылады. цитата соңы [2019-12-04]