"ҚазТрансОйл" АҚ Қазақстан арқылы Қытайға жөнелтілетін ресейлік мұнайдың транзиті тоқтатылмаған туралы хабарлайды

23.01.20 18:40
/KASE, 23.01.20/ – Акциялары "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) ресми тізімінде тұрған "КазТрансОйл" АҚ (Нұр-Сұлтан) 2020 жылдың 23 қаңтарындағы баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы «ҚазТрансОйл» АҚ магистралды мұнай құбырлары жүйесі арқылы Қытайға тасымалданатын ресейлік мұнайдың транзиті тоқтатылмады және ГОСТ шеңберіндегі сапа мен келісімді міндеттерге сай толықтай жүзеге асуда. 2020 жылдың 22 қаңтарының 14:10 Мәскеу уақыты бойынша магистралды мұнай құбырлары жүйесіне «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ мұнай қабылдау жартылай қалпына келтірілді. Тапсырылып жатқан мұнай құрамындағы хлороорганикалық қоспалардың мөлшері белгіленген нормалардан аспайды. Естеріңізге салсақ, «ҚазТрансОйл» АҚ магистралды мұнай құбырлары жүйесінде мұнай қабылдау кезінде мұнай сапасын сараптау нәтижелеріне сай 204°С дейін қайнайтын фракцияда хлороорганикалық қоспалардың шамадан тыс екендігі анықталды. Сол күні «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамымен тапсырылатын мұнай сапасына қатысты сұрақтарды шешу үшін мұнай қабылдау тоқтатылды. Магистралды мұнай құбырлары жүйесі бойынша экспорт пен ҚР МӨЗ-на тасымалданатын мұнай көлемінің төмендеуіне байланысты ҚР Энергетика министрлігі 2020 жылдың қаңтар айына мұнай жеткізу кестесіне түзетулер енгізді. Оның ішінде, Қытай бағыты бойынша қазақстандық өндірушілермен тасымалданатын мұнай экспорты төмендеді. Босаған көлемдер ПҚОП жүктеу үшін қайта бағытталды. Сонымен қатар, ПМӨЗ жүктеу кестесі де өзгертілді. цитата соңы [2020-01-23]