23 қаңтардан бастап "FIVE BROKERS' CAPITAL" АҚ KZ2C00006468 (FIVEb1) облигациялары KASE ресми тізімінің балама сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша ресми тізіміне енгізілді

23.01.20 17:33
/KASE, 17.01.20/ – Бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2020 жылдың 22 қаңтарындағы шешімімен "FIVE BROKERS' CAPITAL" АҚ (Алматы) KZ2C00006468 (FIVEb1; 100 теңге, 100,0 млн теңге; 18 ай; тоқсандық купон, жылдық 19,50 %; 30/360) облигациялары KASE ресми тізіміне балама сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша ресми тізіміне енгізілді. Листингілік комиссияның осы шешімі 2020 жылдың 23 қаңтарынан бастап өз күшіне енді. Аталмыш облигациялардың Биржадағы сауда-саттықтарының ашылуы туралы қосымша хабарланады. Жоғарыда аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында жуырдағы уақытта http://kase.kz/ru/issuers/FIVE/ мекен-жайында жарияланады. [2020-01-23]