"Exploration Production АЛМЭКС" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
23.01.20 16:43
/KASE, 23.01.20/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған, "Exploration Production АЛМЭКС" АҚ ("Exploration Production АЛМЭКС"
АҚ, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі
жүйесінің 2020 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 100 000 дана;
- компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға "ФИРМА "АЛМЭКС ПЛЮС" ЖШС болып табылады.
[2020-01-23]