"Көтерме бөлшек сауда кәсіпорны" АҚ өзінің (KZ2C00004539, ORPTb1) облигациялары бойынша бірінші купонын төлегені туралы хабарлады

23.01.20 16:21
/KASE, 23.01.20/ - "Көтерме бөлшек сауда кәсіпорны" АҚ (Алматы) 2020 жылдың 22 қаңтарында өзінің (KZ2C00004539, альтернативті сауда-саттық алаңы KASE, "облигациялар" санаты, ORPTb1) облигациялары бойынша бірінші купондық сыйақысын төлегені туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес төленген сыйақының мөлшері 132195000 теңгені құрады. [2020-01-23]