"Қазхром" трансұлттық компаниясы" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
23.01.20 14:50
/KASE, 23.01.20/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған, "Қазхром" трансұлттық компаниясы" АҚ (Актобе, бұдан әрі – компания)
биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01
қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 142 949 700 дана,
артықшылықты акциялар саны – 15 120 000 дана;
- компанияның 99 953 939 жай акциялары және 9 896 772 артықшылықты акциялары
орналастырылған;
- компания өзінің 493 жай акциясын және 3 428 артықшылықты акциясын кері сатып
алды;
- компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы
көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға KCR INTERNATIONAL B.V. болып
табылады, оның меншігінде 109 130 168 (компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан 99,34%) соның ішінде компанияның 99 940 708 жай
акциясы (компанияның орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 99,99%)
және 9 189 460 артықшылықты акциясы (компанияның орналастырылған артықшылықты
акцияларының жалпы санынан 92,85%) бар.
[2020-01-23]