23 қаңтардан бастап "Холдинг КАЗЭКСПОРТАСТЫК" АҚ KZ2C00001634 (KASTb3) облигациялары KASE ресми тізімінен шығарылды

23.01.20 11:42
/KASE, 23.01.20/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды: 2020 жылдың 22 қаңтарынан бастап "Холдинг КАЗЭКСПОРТАСТЫК" АҚ (Нұр-Сұлтан) KZ2C00001634 (KASE балама алаңы, "облигациялар" секторы, KASTb3; 1 000 теңге, 40,0 млрд теңге; 18.07.11 – 18.07.29; жылдық купон, жылдық 8,00 %; 30/360) облигациялары KASE ресми тізімінен айналым шығарылды. Листингілік комиссяның аталмыш шешімі 2020 жылдың 23 қаңтарынан бастап күшіне енеді. KASE 2020 жылдың 15 қаңтарындағы қорытындысы бойынша компания 2019 жылдың 26 қарашасындағы хатымен аталмыш облигациялар бойынша 2015 жылдың 23 ақпанынан 2015 жылдың 17 шілдесіне дейінгі кезеңге және 2018 жылдың 18 шілдесінен 2019 жылдың 15 қарашасына дейінгі кезеңде купондық сыйақыны уақтылы төлей алмайтыны туралы хабарлады. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі басқармасының 2017 жылдың 27 наурызындағы №54 қаулысымен бекітілген, қор биржасында айналымға жіберілетін эмитенттер мен олардың бағалы қағаздарына қойылатын талаптардың 16 тармағы 1) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ қор биржасының жекелеген санаттарына қойылатын (Талаптар) өзінің міндеттемелері бойынша сыйақы төлемдері бойынша эмитента дефолты оның борыштық бағалы қағаздарын KASE ресми тізімінің "буферлік санат" санатына ауыстыруға негіз болып табылады. 2019 жылдың 27 желтоқсанында Директорлар кеңесінің шешімімен 2019 жылдың 30 желтоқсанында компания оның облигацияларын KASE ресми тізімінің "буферлік санат" санатына ауыстыру үшін негіздерін жоюға іс- шаралар жоспарын (Іс-шаралар жоспары) ұсынды. Листингілік комиссияның аталмыш шешіммен Іс-шаралар жоспары күшін жойды. Жоғарыда баяндалған негізінде Талаптардың 35 тармағы) 4 тармақшасына сәйкес аталмыш облигациялар KASE ресми тізімінен шығарылды. Аталмыш акциялар 2011 жылдың 18 шілдесінен бастап KASE ресми тізіміне "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санатына, 2017 жылдың 01 маусымынан бастап KASE ресми тізімінің негізгі алаңының "облигацялар " секторына енгізілген. Олардың сауда-саттықтары 2011 жылдың 17 қазанынан бастап ашылды. [2020-01-23]