"Қазақстан Халық Банкінің" еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
23.01.20 11:23
/KASE, 23.01.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "Қазақстан Халық Банкінің" еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ
(Алматы, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың
тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді
көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 4 000 000 дана,
артықшылықты акциялар саны – 1 000 000 дана;
- компанияның барлық жай акциялары және 4 000 000 артықшылықты акциялары
орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ болып табылады.
[2020-01-23]