"Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ өзінің (KZ2C00004133, JSBNb1) облигациялары бойынша бірінші купонын төлегені туралы хабарлады

22.01.20 17:56
/KASE, 22.01.20/ - "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ (Алматы) 2020 жылдың 22 қаңтарында өзінің (KZ2C00004133, негізгі сауда-саттық алаңы KASE, "облигациялар" санаты, JSBNb1) облигациялары бойынша бірінші купондық сыйақысын төлегені туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес төленген сыйақының мөлшері 1027000000 теңгені құрады. [2020-01-22]