"ҚазТрансОйл" АҚ Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі 2020 жылдың қаңтар айына мұнай жеткізу кестесіне түзетулер енгізгені туралы хабарлайды

22.01.20 15:10
/KASE, 22.01.20/ – Акциялары "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) ресми тізімінде тұрған "КазТрансОйл" АҚ (Нұр-Сұлтан) 2019 жылдың 30 желтоқсанында баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы 2020 жылдың 16 қаңтарында «ҚазТрансОйл» АҚ магистральды мұнай құбырлары жүйесіне «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-нан мұнай қабылдау кезінде мұнай сапасын сараптау нәтижелеріне сай 204°С дейін қайнайтын фракцияда хлороорганикалық қоспалардың шамадан тыс екендігі анықталды. Сол күні «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамымен тапсырылатын мұнай сапасына қатысты сұрақтарды шешу үшін мұнай қабылдау тоқтатылды. 2020 жылдың 22 қаңтардағы жағдай бойынша «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ- нан мұнай қабылдау үрдісі қайта қалпына келтірілмеді. «ҚазТрансОйл» АҚ магистральды мұнай құбыры жүйесіне таза мұнайды тапсыру үшін «СНПС- Ақтөбемұнайгаз» АҚ резервуар әзірлеуде. Магистральды мұнай құбырлары жүйесі бойынша экспорт пен ҚР МӨЗ-на тасымалданатын мұнай көлемінің төмендеуіне байланысты ҚР Энергетика министрлігі 2020 жылдың қаңтар айына мұнай жеткізу кестесіне түзетулер енгізді. Оның ішінде, Қытай бағыты бойынша қазақстандық өндірушілермен тасымалданатын мұнай экспорты төмендеді. цитата соңы [2020-01-22]