"Қазақстан даму банкі" АҚ Шымкент қаласында завод салу үшін "Шымкент химиялық компаниясы" ЖШС несие желісін ашты

21.01.20 17:33
/KASE, 21.01.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының ресми тізмінде тұрған (KASE) "Қазақстан даму банкі" АҚ (Нұр-Сұлтан) 2020 жылдың 21 қаңтарындағы баспаөз хабарламасын ұсынды: цитата басы «Қазақстанның Даму банкі» АҚ («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ- ның еншілес ұйымы, бұдан әрі – ҚДБ, Банк) Шымкент қаласында метил- трет-бутил эфирін (МТБЭ) өндіретін жаңа зауыт (бұдан әрі – Жоба) салу үшін «Шымкент химия компаниясы» ЖШС-ға (бұдан әрі – Компания, ШХК) кредит желісін ашты. Жобаның құны 13,7 млрд теңгені құрайды, ҚДБ 10 жыл мерзімге 9 млрд теңге сомасында несие береді. . 4,7 млрд теңге мөлшеріндегі қалған қаражатты Компания өз есебінен толықтырады. Жоба Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде іске асырылады. Банк берген қаржыландыру зауытты жобалауға, оның құрылыс-монтаж жұмыстарына, қажетті жабдықты сатып алуға бағытталады. Жобаның мақсаты Шымкент мұнай өңдеу зауытын (бұдан әрі – ШМӨЗ) жаңғырту шеңберінде ондағы қайта өңдеу процесі кезінде алынатын бутан- бутилен фракциясының мұнай-химия шикізатын қайта өңдеу тереңдігін ұлғайту есебінен Қазақстанның мұнай-химия саласын дамыту болып табылады. ШХК зауытында бутан-бутилен фракциясын одан әрі қайта өңдеу ШМӨЗ-де К4 және К5 экологиялық сыныптағы жоғары октанды бензиндер өндіру үшін пайдаланылатын метил-трет-бутил эфирін өндіруді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Жаңа кәсіпорынның жылдық қуаты – 57 мың тонна МТБЭ. Зауытты пайдалануға енгізу 2020 жылдың ортасында жоспарланған. Жоба іске асырылғаннан кейін зауытта 152 жаңа жұмыс орындары пайда болады. цитата соңы Баспасөз хабарламасының толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында – http://kase.kz/files/emitters/BRKZ/brkz_reliz_210120_1.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2020-01-21]