01 қаңтардан бастап Листингілік ережелерге енгізілген түзетулер қолданысқа енгізіледі

21.01.20 09:39
/KASE, 21.01.20/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесінің 2020 жылдың 20 қаңтарындағы шешімімен "Листингілік ережелер" (Ережелер) атты KASE ішкі құжатына енгізілген № 12 өзгертулер мен толықтырулар (түзетулер) бекітіліп, 2020 жылдың 01 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді. Аталмыш түзетулермен: - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2020 жылдың 01 қаңтарынан бастап қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау бойынша функцияларды Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне беруіне байланысты; - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылдың 27 наурызындағы № 54 қаулысымен бекітілген, Эмитенттер мен олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына қойылатын талаптарға сәйкес келтіру мақсатында; - Эмитенттің атауын өзгертуді тұспалдайтын, беймемлекеттік бағалы қағаздардың шығарылым аңдатпасына енгізілетін өзгертулерді уәкілетті органмен тіркеу жағдайында, эмитенттің атауының өзгеруіне байланысты процедураларды енгізу мақсатында; - негізгі сауда-саттық алаңының "Буферлік санат" санаты бойынша "Борыштық бағалы қағаздар" секторында облигациялардың болу кезеңінде маркет-мейкердің бар болуына талаптың қолданылмауы мақсатында енгізілген. Листингілік ережелердің жаңартылған мәтіні KASE интернет-сайтында жуырдағы уақытта жарияланатын – http://kase.kz/files/normative_base/listing_rules.pdf [2020-01-21]