"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
21.01.20 12:35
/KASE, 21.01.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Астана, бұдан әрі –
компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2020
жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 170 630 371 дана;
- компанияның 158 630 371 жай акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ болып
табылады.
[2020-01-21]