"Еуразиялық банк" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

21.01.20 11:25
/KASE, 21.01.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Еуразиялық банк" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - банктің жарияланған жай акцияларының жалпы саны 2 034 807 500 дана, артықшылықты акциялар саны – 3 000 000 дана; - банктің 20 348 075 жай акциялары орналастырылған, банктің артықшылықты акциялары орналастырылмаған; - банктің жалғыз акционері және, тиісінше, банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҚАРЖЫ КОМПАНИЯСЫ" АҚ болып табылады. [2020-01-21]