"Amanat" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 15 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

21.01.20 10:56
/KASE, 21.01.20/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Amanat" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 15 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 2 500 000 дана; - компанияның 1 930 000 жай акциялары орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "Fincraft" Инвестициялық үйі" АҚ болып табылады. [2020-01-21]